Қошемет көрсетті; мақтау сөз айтып, абыройын асырды; жағымпазданды. * Өлке орталығынан арнайы келген Шынжаң-Кеңес Одағы сауда бөлімінің жауаптысы Бұрхан Шаһиди мырза сөз сөйлеп, барша қауымның алдында Абайдың шашбауын тағы бір көтеріп тастады. Ж.Шәк. * Абылайдың шашбауын көтерген Орта жүз қазақтары Әбілқайырдан сырт айналды… З.Шүкір * Тіпті әлгінде Нартуғанға ерекше ықылас-пейілдерін білдіріп отырғандардың біразы енді желігіп Зәрідің шашпауын көтере бастапты. О.Сәрс.
