Posted in

ШАҢ БЕРДІ

Көрінді, қылаң берді; бой көрсетті. ~ Осыдан кейін күрілдеп көтеріліскен Ырғайты елінің еңсесі түсіп кетті. Жалындаған жаны жаншылып, лапылдаған оты өшкендей болды, жалғыз бұл елдің ғана жігіті емес, әр жерде осындай шаң беріп, селтең еткендерді шыққан әскер у тигендей талқандап, быт-шытын шығарды. І.Жанс. ~ Ақжарқынның «супер» күйеуі әдемі келіншегін елге көрсетіп, бір мақтанып қалу үшін де осы маңнан шаң беріп қалуға тиіс қой. Қ.Жиен.~ Батыл сөйлегенін кеш ұқты; балалар үйі өстіп анда – санда шаң беретін. Қарт оны көңіліне кек алмады. М.Қаб. ~ Жайшылықта ұсақ-түйекті де елеусіз қалдырмай ар сотының алдына жығып беретін сана да сап тыйылыпты. Әдеттегідей шаң бермеді. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *