Біреуден көш ілгері озып кетті; бәсекелесін артта қалдырды; шаңына ілестірмеді. ~ Қайызғақша қаптап кеткен жекеменшік дәріханадағы дәрі-дәрмектің бағасы удың бағасына шаң қаптырды. Ғ.Қаб. ~ Американың Рокфеллер, Морган, Джонсондары екі жүз-үш жүз жыл бойы ата-бабаларының тірнектегенінің басын құрап әзер миллиардер болса, біздің Мешкей, Пәтөк, Тимөк көкелеріміз екі-үш-ақ жылда оларды шаң қаптырды. Т.Сәу. ~ Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам, Қайғы дейтін қаншықты қан жаптырам. Ұры-уайым тиер деп қай жағымнан, Секем алған киіктей аңдап тұрам. М.Мақ.
