Posted in

ШЕКЕСІ (ЕКІ ШЕКЕСІ) ТОРСЫҚТАЙ

Кең маңдайлы. * Сол жақтағы кішкене төсектің қасында үш-төрт жасар, шекесі торсықтай, ақ сары шашты қыз бала ойнап отыр. Б.Тоғ. * Шекесі торсықтай шаршаулы жігіттің аузын ашса – іші көрінген ақжүректігіне, ақкөңілдігіне таңқалды. Д.Дос. * Сұлу анадан дәйім сұлу қыз туады. Омарғазы ғанабөлек: шекесі торсықтай, көзі өткір, құс мұрын, апайтөс, құдды Елшібек-ті. Ш.Құмар. * Сен еңкейіп, етегін сүй аруақты бабаңның. Сосын елге орал. Арада тоғыз ай, тоғыз күн өткенде арманыңа жетесің. Шекесі торсықтай ұл, аймаңдай қыз сүйесің". С.Дос.* Бұлардың мұндай албырттығына тек-тек айтыпсабырға шақырған тағы осы шөке. Шөкенің дуалы аузына құдай салып, бесінші жылы нүркен шекесі торсықтай ұл тапты. Б.Жұм.* Патшайым айы-күні жетіп шекесі торсықтай ұлтуады. Т.Әсем. * ұлымшағы жіберілген, шекесі торсықтай, көзі үлкен,қыр мұрынды қара торы қыз. Б.Тоғ. * Әнекиіңіз, екі шекесі торсықтай боп бұлтиып, қаракүреңдеу жүзі буалдырлана, жанарымен мұңданып, бірақ былайғыларға, айналасына ашық-жарқындау көрінбекті қалайтындай қалпы байқалады. М.Бай. ~ Мейірімге толы бидай өңді ақ сары жүзінде қабақ шытпайтын байсалдылық бар. Екі шекесі торсықтай болып көтерілген кең маңдайы да, әжімсіз нұрлы қалыбымен көз тартады. С.Ғабб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *