Көңілі кеткен, әуес болған ісіне армансыз беріліп, қанағат тапты, ләззат алды. ~ Ол жолғыдай емес, мынадай иен тау ішінде, оңаша жерде ойындағының бәрін құсып, шер құмарынан бір шықты. Не бір и ауыз жаман сөздермен балағаттап, жерден алып, жерге салды. Ж.Сәм. ~ – Ұр мені! Соқ! Әбден шер құмарыңнан шыққанша төпеште! Сенің сол таяғыңмен күнәдан ада боп, әбден тазарып алайын да мен де кетейін бұл моладан. Батырайын қарамды…Ж.Сәм. ~ Аңырып тұрды-тұрды да, ат басын кері бұрды. Қарасаздағы сиыр фермасына төтелей салды. Исекеңмен кәукілдесіп, шер- құмардан шыққанша асығады. Ө.Кәр.
