~ Қанға тойған ит сияқты, түсі суық бір ит еді… Осы жыланша ысқырады! Құдды шаяндай, шикіл сары, тік мұрт… С.Сей. ~ Көнбейтінін көрген Шыңғыс «тағы қашып кетер» деген оймен, Шепенің үйіне қаматты да, оның зор, семіз денелі жалпақ бет, долы мінезді шикіл сары қатыны, – Шоңайнаның қолына берді. С.Мұқ. ~ Шикіл сары аттың үстінен еңкейіп, сірә, мені ұрмақ болып, қолын соза беріп еді, ыршып түсіп ұстатпадым. Ш.Мұр. ~ Өмірбек істің мәнін енді аңғарғандай. Әне бір төрде отырған бадыраң көз, шикіл сары есепші мұнымен кездескен сайын әлде бірдеңені айтып, жоқ нәрсеге таласа кетіп жүретін. С.Шайм. ~ Осы бір талдырмаш денелі, ат жақты, кішкене бетті, шикіл сары жас жігіт – пысық та, жұмсаған іске тындырымды да көрінген. Т.Ахт.
