1. Етегі қысқа киім. ~ Артықшылығым шашымды келте кескенім бе, биік өкше туфли кигенім бе, шолақ етек юбка кигенім бе? Ә.Тар. ~ Өзі әулетті жігіттей жинақы да жеңіл киінген. Үстінде сидам жеңді шолақ етек жұқа қоңыр бешпент, тар балақ шалбар. С.Ом. ~ Беліндегі көш құлаш жалаңаш қара наганын, шолақ етек ақ тонын шешіп, оларды да жаңағы құлақшын жатқан жерге қойды. С.Ом. 2. ? ~ Құмар да жасында жылқы баққан ғой. Бірақ кейін шолақ етек боп ұмытып қалмаса… К.Қаз. ~ Сталиннің шолақ етек коммунистері: "Құдай жоқ" деп, дінге сенетіндерді түрмеге жабады дейді, – деді де, көзінен жансыз да, үрейлі ұшқын шашып, Жолдыбай жаққа төңкеріле қарап қойды. Т.Рыск.
