~ Орынбасар. Қалеке – ау, тіпті ауылға соқпай кетпексіз бе? Қ а л и. Шымылдығың желбіреп тұр ма еді? Орынбасар. Желбіреп тұр. Кең далада ақ бөкендей орғыған, көкорай шалғын, бәйшешек, сары қымыз, алма емшек қимаймын ауылды. Ғ.Мұст. ~ Сонда да қойнымнан шыққан сұр жылан есіммен кетер емес. Бір түрлі түршігіп кеттім. Мен қайбір шымылдығы желпілдеп тұрған, әлде үйде бала-шағасы күтіп отырған адам, кеңсеге түстім. Б.Қыд. ~ Ойбұй, ән тыңдап немді алған? Шымылдығы желпілдеп тұрған жасқа ұқсап… – деп өзін жазғырып алып, шаруасына қайта кірісе берді. Е.Жең.
