Posted in

ШЫНЖЫР БАЛАҚ, ШҰБАР ТӨС

Ықпалы, билігі күшті ығай мен сығайлар. ~ Не бір кеудесіне нан піскен жуан қарын байлар мен шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлардың құрдай жорғалап өткенін, ордаға жалтақ-жалтақ қарап кіріп бара жатқанын көргенде, сыртқа білдірмесем де ішімнен: «Жасаған! Жеткергеніңе шүкір!» – деп қоямын. Б.Тоғ. ~ Бұл жерге ең таяу ауыл Қызылкөлдегі төренің ауылы еді. Сәкенді шынжыр балақ, шұбар төстің үйіне апармай, жұпыны дәулеті бар Шәді төренің тамына түсірді. Т.Әлімқ. ~ Шынтуайтқа келгенде тінібектің Аралбай бастаған жітікке саяқ өңкей қулары, шынжыр балақ, шұбар төстері бірігіп кетсе, Жәукені құртып жіберуге де бар. С.Ом. * Зорлап алайын десе, үш әйелі үш жақтан үріп қоя береді. Үшеуінің де төркіндері шынжыр балақ, шұбар төс, мықты адамдар. Ә.Шәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *