Posted in

ШЫП-ШЫРҒАСЫН (ШЫРҒАСЫН) ШЫҒАРМАДЫ

Алып-қоспады, бастапқы қалпынан еш ауытқыған жоқ. * Төрт мың сомды санап, шып – шырғасына тиіспей жалбысқа сарының қолына ұстатты. — Мынау бес өгізіңнің пулы! Анау мың сомды бүгін салмасаң ертең прокурордың алдынан табысамыз!.. Тәсбидәние!.. Жоғал!. Қ.Ысқ. * Обалы нешік, әли-Фатих бұл жерде "мұсылмандық" жасады. Хақын жеген жоқ. Жылға таяу уақыт ішінде тапқан пұлын шырғасын шығармай шотқа қағып, бір тиынын асырып не кемітпестен өзіне тиесілісін алды да, қалғанын бұған қайырып берді. Енді басың азат деді. Т.Сәук. * Балашағасын ірке тұрғанда, дардайларына дейін құйрықтары жылтырап, қара ала, торы ала болып жүргені. ал тапқан таянғанын, мал сатып ақшасын, шып-шырғасын шығармай кассаға сала берер… сала берер… Оны неге тыраштанып жиятынын, көзі тірісінде игілігін неге көрмейтінін еш пенде білмейді. Т.Әбдік. * Осы арада Михаилдың бір сөзі есіне түсіп, Оспан соны шып – шырғасын шығармай өз атынан айтты. ─ Есіңде болсын, Қасболат, қайратымыз бен әдіс-айламыз бірдей болмаса, құр бет алды даурығып, кім көрінгенге сыр шашсақ, құримыз… С.Омар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *