Қайта-қайта түкіріне берді. * Күйеудің қасында үш қыз, үш-төрт қызсымақ, екі қатын отыр. Жоғары жағындағы жастау жолдас, не өнері барын қайдам, тымағының бір құлағын ішіне, насыбайын ерніне жымырып алып, керегеге шырт-шырт түкіре береді. Ж.Айм. * Ақ таяғын кеудесіне тіреп, қара далбайды баса киіп Әлекең тұр. Екі қолын қусырып, бергеніңе шүкір дегендей насыбайын шырт-шырт түкіріп, нарттай жанып Әлекеңнің мырзасы тұр… Б.Майл. * Өзі ыңқиып тойып апты. Сабазың жан-жағына шырт-шырт түкіреді. Ж.Аязбек. * – Атып тастасаңызшы, қорлай бергенше. – Ақымақ. Қорласа әркім өзін-өзі қорлайды, – деп Қожанияз шырт-шырт түкірді. – Қане, сонда қалай алып қашамыз? Н.Дәут.
