~ "Шығасыға иесі басшы" болғаны ма? Аузын жиғаны сол-ақ екен. Нөсер шын бұршақ, мұз бұршаққа айналып сала берді. М.Әу. ~ Қатыны ашуланып: – Иә, Қамар саған жөнін айтқалы тұр, оның ықтиярына жіберсек, Ахметтің қасында патшаны да керек қылмайды,- деп ол баяғы таусылмас түказзибанға* кетті. "Шығасыға иесі басшы" деп бұл жолы Қамарды да қара басты. С.Тор. ~ Сол жымиған күлкісімен бе екен, мұның түбіне жеткен. Қандай шайтан түртті. «Шығасыға иесі басшы» демекші, Төлептің екі айға МТС-ке мастерскойға кеткені де себепші болды-ау. Егін шөбінде жүргенде Дәнекер жымиып күліп мұны жағалай берді. Оның келгіштегенін өз жүрегі де теріс көрмейтін секілді. К.Қаз.
