Тоз-тозы шығып, жан сауғалап жан-жаққа тарап кетті. * Мынау заман енді не болар екен? Шілдің боғындай бытырап жүрген қазақтың басы біріксе жарар еді. К.Қаз. * Шілдің боғындай бытыраңқы өмір сүру жарамайды. Т.Әлімқ. * * Жал-жалдың басында шілдің боғындай шашырап отырған қазақтың малы жоғалмас па, басы ауырып, балтыры сыздамас па, ұлы ер жетіп, қызы бой жетпес пе … Ә.Кек. * Көз алдында – әлгінде ғана ақ жайманың әр жер-әр жеріне бүрісе шоңқиған жиде тастары. «Шілдің боғындай шашырап түсті-ау!» Ә.Кек. ~ Самархан кетерінде ғана ат басын бұрып: – Шілдің боғындай шашылмай бір жерде болалық,-деді, қимастықпен айтса да сөзі қатқыл шықты. Қ.Ысқ.
