Posted in

ЫҢҒАЙЫНА ЖЫҒЫЛДЫ (ҚҰЛАДЫ)

Айтқанына көне кетті; қарсы болмады. * – Жарайды, мен қарсы емеспін. Шындығында, сенің шетелдік атқосшыңның болатын уақыты әлдеқашан жетті емес пе? – деп ыңғайына жығылды. А.Смай. * Ойлай-ойлай шақша басым шарадай болып, ақыры мен Тотыгүлдің ыңғайына жығылдым, екеуіміз үйленетін болдық. Ә.Асқ. * Қиянат көрсе бір сәрі. Ешқайсының бұған өкпесі жоқ. Тек тақтан кеткен соң керегі болмай қалды. Жаңа қожайынның ыңғайына құлап жағыну үшін ғана ғайбаттап жатыр. Т.Сәу. * – Ел іші болған соң бір оқыс жағдай болады екен, өкініштісі сол жағдайдың біздің отбасына кездескенін қарашы, солай ма, әке?,- деп ұлкен ұл тағы әке ыңғайына жығыла кетті. С.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *