Posted in

ІЗДЕГЕНГЕ СҰРАҒАН 

1.  “Кімді айтсаң сол келеді” дегендей, қалаған адамың

алдыңнан шыққанда айтылады.

  • Іздегенге сұраған, мына тақпақшы бала, әрине,мұның кітабын

түбіртегіне дейін оқыды. Оқыса әсерін де айтар. Жас қыз, сөз жоқ,

асатпай жатып құлдық демейді — қысылады,

тәжірибесіз. Ол үшін оңашалық керек.  М.Қабанб.

  • Елтай да мына бір қиын әңгімеден аяғын тартыпалғысы келіп, тыпыршып отыр еді. Мынау іздегенге сұраған болды. М.Қаб.
  • – Мәймөңке болмаса да, істі насырға шаптырып,ушықтыра беріп

қайтесің. Іздегенге сұраған – ауызғы бөлмеге тапырлай басып, сораң етіп ақи көз поштабай Жәнібек кірді.  С.Жүн.

2.  Ә десе мә деуге дайын тұрған, не нәрсеге де сақадай сай д.м.

  • Не де болса Үркімбай аулында жауды басаалмайтынын білген сөн,

осы қайтар жолдан кеп тосқан. Қараша қара сойылға мықты болатын. Өз

аулының жас жігіттері де шетінен ат үсті төбелеске мойымайтын,

«іздегенге сұраған» дейтін Қожақан сияқтылар еді. М.Әу.

  • Тұмақтарының бауын жымырып байлап, ықшам

киініп,

шекпендерінің етегін белге қыстырып, немесе ышқырланып алған,

әлекедей жаланып келген, «Іздегенге сұраған» ителгі

көздің өздері болатұғын.  Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *