Posted in

ІЗІНЕ ТҮСТІ

1.    Жүрген жолын тап (дөп) басып, артынан қуды. *  Қайтар кезде жалғыз жырылып сыртқа шықты. Ешкімге байқатпаған секілді еді, кешегі жігіт ізіне түсіпті.  С.Нұғыман.

*  Жерден басын алмай тіміскілеген үш бірдей иттер тұп-тура өз ізіне түсіп жан алғыш әзірейілдей қыр соңына қалмай тұп-тура бастап келе жатқан еді. Б.Жұм.

2.   Артына ілесіп жүріп отырды; қудалады; артына шам алып түсті.

  • Осы күдік тыншымды алды да, ауылға барыпжылқышыларға тілдескенге де дат қылмай, сол жаяудың өкше ізіне түсіп қудым да кеттім.  Ж.Сәмит. *   Не өнеге көрсеттің сен мына қарауыңдағы жас ұстазға?! Айтшы, кәне! Баландай баланын ізіне түсіп кемшілігін фактіге тізіп әкелгенше, кезінде айтып, көмектеспедің бе?  Н.Сер.
  • Сол-ақ екен, мынандай қияңқы ойынан өзі ұялыпқалды. Осыншама ізіне түсетіндей ол қыз бұған не жазды сонша?  Ш.Айт. 3.  Әлдебір істі мақсат тұтты.
  • Алайда, Исабековтан қызыл алма қалап, қалай дасонны тауып беруді жалына сұрап, өмір бойы ізіне түскен бір әйел бар. Ол – өз әйелі, Сәбира.  Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *