Көзден таса болды; жасаған ұрлығының (не басқа қылмысының) айғақтарын жойды.
- Қалада Шихалдайдың қасынан бір- екі рет көргенібар. Ондайда Демежанға жоламай қашқалақтап, із жасырған болады. Қ.Жұм.
- Әр жақта із жасырып жүрген ауылдар енді өзқоныстарына қайта берсе де болады» деген астыртын бұйрық жөнелтті. Қ.Жұм. * Не бұл жолы, өзі айтқандай, қалмақ жылқысынан қолы таза, не болмаса із жасырып, құтылып кететініне өте сенімді. Қ.Жұм.
- Жалпы әр нәрсенің бастауы болады. Әйтсе де арағасан жылдарды сала келе қоғам алмасып, адамдардың санасы өзгерген тұста кейбір нәрселер де өзінің ізін жасырып қалатын секілді. Қ.Бег.
- … «500» деген жазуы бар тағы бір көк пәшкені киімілгіште ілулі қара костюмнің ішкі қалтасына сүңгітіп жіберді де, ізін жасырып үйренген ұрының дағдысына салып, сыртынан ұстап көрді. Қ.Түм.
