Posted in

ҒАРАСАТ МАЙДАНЫ

Діни ұғым бойынша, о дүниеде адамдарды жазалайтын күні жиналатын орын. ~ Айтты: «Қозғал, қиямет күні болсын, Ғарасат майдан деген үні болсын. Әйтеуір бұлттың қолын бір жеткізем, Мейілі оған дейін тоңса тоңсын. С.Тор. ~ Аспанда Күн тұтылғандай. Лабақ ахун көп айтатын “ғарасат майданы” басталғандай. С.Елу. ~ Қырық жасына келгенде, Көктен кітап ендіріп, Алтын тәжі басында, Ақырет алыс демеңіз, Ғарасат майдан қасында. Н.Шырш. ~ Аспаннан Ғайса түсер, жерден Мәді шығар дегенмін. Адамзат ғарасат майданына жиналар. Сол жерде Құдайдың жүзін көрер. Құдай алдында һәмме адам ұлына Ұлы Сот болар дегенмін. Сол күнге жеттік, міне! С.Елу.