Бишара, байғұс, сорлы адам. * «Ей, батыр, атың шыққан жер- жиһанға, Қайдағы болысушы ең ғаріп жанға. Шәк. * Жүріңіз тілімді алып, Нұрғазарын, Сіз үшін ғаріп жаным болсын құрбан. “Нұрғ”. * Артельдің басшылары мініп барып келуіме астымдағы атыма дейін беріп отыр. Шешем мен жеңгеме алып баратын олжам қаншама! Бейшара ғаріп жандарды қуантуға жарайтын кезім келген тәрізді. Б.Соқп.
