Posted in

ҚАБАҒЫ ЖАБЫҢҚЫ

Бет-жүзінде реніш, көңілсіздік, мұң бар. * Күйеудің қабағы жабыңқы: қалыңдыққа ырза болмаған секілді… Қасындағы балдыздары өзара шүңкілдесіп, бірінің бірі қос етегін, шырғасын, қалтасының қақпағын шұқыласып, киім, кесте жайын сөз қылып отыр. Ж.Айм. * Олай-бұлай жалтақтады Қартқожа. Жағын тіреніп бәйбіше отыр. Оның да қабағы жабыңқы, жұпар сабынын бұрқыратып, бетін, мойнын жуып, шашын жылтыратып тарап қоятын Шамкеш те бүгін ажарсыз. Ж.Айм. ~ Астан кейін де жұрт қабағы жабыңқы еді, қостағылардың еңсесін басқан сол бір зілді жеңілтпек болғандай, күнде көбінесе жұрттың жырын тыңдап, анда-санда қостап қана отыратын салмақты Атаман бүгін сауықты өзі бастап кетті. Ә.Сәр.