Көңілденді, жүзі жылыды. ~ Сөйлесті… өкілден алған қағазын берді. Бастық алатын қабақ білдірді… Райқанның қабағы жадырады. М.Әу. ~ Мырзагүл қапелімде қабағы жадырап, бәйек болды да қалды. C.Ас. ~ Ғалымжан өлгелі, Светаның қабағы жадырайын деді. Не де болса мына азаптан құтылып, баяғы дәуренге қайта оралар күн де иек астында. А.Нүс. ~ Жас балуанның бала сықылды сүп-сүйкімді жүзінен болар-болмас реніш колеңкесі жылжып өткендей болды да қас қаққанша қабағы жадырап сала берді. Дж.Лон. ~ Күрең төбел биесінің ер тоқымын алды да, алдына апарып жоңышқа салды. Кешегідей емес, бүгін қабағы мүлдем жадыраңқы сияқты. С.Ғаб.
