Көңілденді, өңі жұмсарды, мейірленді. ~ Омырауын бір жылы толқын көміп барады. Зейнептің әлгінде ғана шытыңқы қабағы жазылыпты. Ә.Кек. ~ Көктем салтанаты басталған. Сәуір шуағы жан-жану- арды күміс кірпігімен қытықтады. Жер ананың қабағы жазылып бойы жылынды. Өскін атаулыға жан кіре бастады. Ө.Кәр. ~ Бабаназардың түйіле бастаған
қабағы жазылып сала берді. Кесек қыр мұрынның танауы желпілдеді. С.См.
