Posted in

ҚАБАҒЫ КЕЙІС ТАРТТЫ

Көңілі жабықты, жүзінен реніш байқалды. ~ Ауыз үйдегі дабыр-дұбырдан дәрігер келгенін ұғып, қабағы кейіс тарта қалды. «Әй, балалар-ай, бекерге шақырғансыңдар- ау. Олар маған енді не істей қояр дейсіңдер?..» Ш.Бей. ~ Рас болса, рас шығар. Марғуа өзінің көз жасын жинаса, қанша болар еді деп ойлады… «Тү-у, ойламайтын нәрсені ойлап маған не көрінді?» – деп, өзінен-өзі қабағы кейіс тартты. Ш.Бей.