Posted in

ҚАБАҒЫ КЕЛІСПЕДІ

Жүзі салқын, өңі жағымсыз. ~ Өйтсе төрешілер жеңісті бұған неге берді?! Бас бапкердің де қабағы келіспеді. «Жарайсың» шықпады аузынан. Ө.Кәр. ~ Түнгі думанға ат басын тураласа да жақындай бере тая соқты. Еріксіз тежелді. Серігінің қабағы келіспегені- не іштей кіжінулі. Жайшылықта елгезек майысқақ неме. Ө.Кәр. ~ . Үйіне телефон соқты оның. Жауап болмады, көтермеді ұзын құлақты. Бірер танысына кездесіп еді, сырғақтап жүре жауап
бергенсіді. Қаланың қабағы да келіспеген. Тұнжыраңқы. Адамдардың өңінен су- ықсыған сұс аңғарылады. Ө.Кәр.