~ Қабақ – мінездің көрсеткіші. Ішіңнің бұлқынысын сырт көзге байқатып қояды. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан» деген атаққа қалмау үшін қабағыңды ашып, жадырап күліп жүрсең, сені жұрт жайдары, ақкөңіл, ақжарқын деп жақсы көреді. Ө.Кәр. ~ Сол кезде жасы үш жүзге жеткен, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан, өзін туғаннан Құдай атқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, тізесіне шекпен жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, басы мүйіз, көті киіз бір мыстан кемпір келді. “Алпамыс б.”
