Posted in

ҚАБАҒЫ ТЫРЫСТЫ

Жақтырмағанын бет-әлпетімен байқатып, тыржиды.~ Шəке! Тамаша қымыз екен: Бір жұтшы! – деді. Шəкежаны қабағын тырыстырып, өлімсіреп: «ішпеймін, ащы: басым ауырды» – деп шытынып, тамсанды. Ж.Айм. ~ Қол ақының үйі, қара шолақ қалам, қабағы тырысқан шандыр песір, сары жапек старшын, қара книга, қотыраш мөрлер, жаланған билердің барлығы да — Сатанды союға қасапшыдай, не талауға үймелеген жаудай, не жеуге қамалаған қасқырдай көрінді. І.Жан.