Жүзінен реніш байқалды, көңілі пәс болды, түнерді. ~ Бүгінде Ботабайдың қабағы шытылса да Ғалияның жаны шыңғыра бастайды, бүгінде ол екеуінің қабағының шытылғаны — бұның жанының жылағаны, ондайда өзін қоярға жер таппайды. Ә.Тар. ~ Ұйықтасыншы, демалысы ғой, шаршаған ғой, күнім. Тірідей байынан айрылған бейбақ қой, көнейін. Я, алла, ала көз
әлеметіңнен сақтай гөр, ренжітпейін бишараны, оның қабағы шытыла көрмесін”, – деп енесі барады. М.Мақ. ~ Сидаңдау сарысы қипақтай тiл қатты. — Алаудың машинасы аударылыпты. — Айтуын айтып ап, өңi қуарды. Асығаттың қабағы шытылды. Ә.Ыб.
