ҚАБЫРҒАДАН ҚАН КЕШТІ
Аса ауыр қиындықтарды бастан кешті, ажалмен бетпе-бет келді. ~ Кеше бейбіт күнде бірге болған, одан соң ел басына ауыр күн туған қаһарлы жылдарда қатар жүріп қабырғадан қан кешкен қарт генерал сені мақтап отыр. Сенің ерлігіңді, өрлігіңді айтады. Ә.Нұрш. ~ Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында қабырғадан қан кешіп жүріп, біз де сендерге бақыт әпердік, жас ұрпақ. Ә.Нұрш. ~ Талқыланған тағдырлы кешуі бар, Біреу келіп сипарға кекілі бар. Қабырғадан қан кешкен бұл қазақта,
Өсті қанша жетім қыз, жетім ұлдар. Ұ.Нұрғ.
