Posted in

ҚАБЫРҒА СӨКТІ

Жанын ауыртты, қан жылатты, қинады. ~ Қалмаса, өзгені былай қойғанда, осы отырған өзі қай кесапатқа қарсы келіп, қабырға сөгіп, қан жұтып еді. Н.Дәу. ~ Жазушы әңгіменің бас кейіпкері Тоқтышақтың жаңа ашылған ақ парақтай көңілін мұздай суық бетімен қайтарған тасжүрек дүниенің кім-кімнің де қабырғасын сөгіп, өзіне құл ететін мейірімсіз қалпын да осы бір сөйлемнен айқын аңғарта алған. Г.Ниет. ~ Қабырға сөгіп кеттің-ау, Қапырық атқан тамызда. Тұғыры биік, тектім-ау, Тірідей кірген аңызға. М.Қар.