Posted in

ҚАБЫРҒАСЫ КҮЙРЕДІ

Ойсырай жеңілді, тас-талқаны шықты. ~ Біз бәрінен бұрын нешеме жылдардан бері ішімізге шемен боп қатқан таптық, кегімізді алғанымызға, байлардың қабырғасы күйрей бастағанына қуаныштымыз. С.Ом. ~ Қаншама көп болса да, Шұбарға әлі келмеді. Неше дәулер жабылды, Бәрін де Шұбар сүйреді. Біріне бірі соқтығып, Қабырғасы күйреді. “Алпамыс б.”

  1. Жаны ауырды, өксіді, қайғыға батты. ~ Бадана жас бота көздерiнен үзiлiп-үзiлiп түстi. Ауыр күрсiнгенiн аңғармады. Отау құрып, өзiнiң де опа таппағанына қабырғасы күйредi. Ә.Ыб. ~ Болары — болды, бояуы — сiңдi. Әсiресе, қабырғасы күйреп, өзiн пенде атаулының iшiндегi ең қорашы, сорлысы санаған уағы — Қаңтарбайдың бiр қызымен әйелiн шығарғанын бiлген кезi. Ә.Ыб.