Айтқанын істетпей ойына алғанды орындамай қоймайтын адам хақында. * Сен де бір қадалған жеріңнен қан алатын бәле екенсің. Жәрәйді, менің пимамды ал. О.Бөк. * Қажет десең, күмән мен әулиелік – егіз. Екеуінің де жасайтыны – сәуегейлік. Айырмасы әулиелік – айтады, кетеді, ал күмән – қадалған жерден қан алып, түбіне жетпей қоймайтыны кімге де үрейлі сезік. Н.Дәу. * … әйелім хәл үстінде жатыр ғой. Егер сіз оның ойбайын естіп, қан – сөлсіз жүзін көрсеңіз ғой, сонда ғана менің мына қадалған жерден қан алған қылығымды кешірер едіңіз! А.Чех. ~ Ждақай қадалған жерінен қан алатын шақар, тесік өкпе іскер жігіт. С.Ел.
