Бағалады, сыйлады, құнын білді. ~ Арғын, қыпшақ ұлының Құрмет етіп түсіріп, Көкорай біткен саз болды. Қадірін біліп қалқыңның, Мейманын күтіп алғанға Қалық қарындас мәз болды. А.Байт. (Орманбет). ~ Әр нәрсенің осындай, Алғандарға парқы бар, Қадірін білсең, мысалы, Кәрілік пен жас қандай? Базар Оңдас. * Есімді білген соң Әбдірахманға біраз жолдас болдым ғой, құдай біледі, қазақ баласына инедей қиянаты жоқ еді. Қадір білетін жұрт қайда? Б.Майл. ~ Міне, еркек қадірін білетін әйел өстеді, — деп қомпаңдады Кәтен. Н.Сер. ~ Асқан сымбатты болумен бірге махаббаттың қадірін білетін, сыртқа теуіп тұрған оғаш мінезі де жоқ адам еді. Э.Хэм. ~ Заман біздікі! Дəуір – біздің дəуір; бодан емес, бостан Қазақстанның дəуірі. Осының қадірін білу, қасиетін сезіну бізді бұл тұстағы күллі қиындыққа қарсы қояды. З.Қаб.
ҚАДІРІН БІЛМЕЙДІ
Бағаламайды, шынайы парқын танып, қадірлемейді. ~ Ақша өз өңешіңді тығындау үшін ғана жиналмайды. Елін сыйлаған ер
жұтамайды. Ара-тұра дүниеден тарықпаған адам дүниенің қадірін білмейді. Б.Мом. ~ Алыста жүріп, жүрегін сағыныш
кернемесе ол өз ауылының да қадірін білмейді. Ә.Нұрш. ~ Бұл пақырлар үшін о да бір дәурен екен ғой! Әттеген-ай,
сормаңдай тісті мен шортан соның қадірін білмепті-ау. Ә.Нұрп. ~ Әкем есіме түскенде кеуілімді өкініш тырнайды – мен оны
жете бағаламаппын, қадірін білмеппін-ау деп. И.Бун.
