Posted in

ҚАДІРІН КЕТІРДІ (ТҮСІРДІ)

Құнын төмендетті, абыройынан айрылды. * Қайта оралмас, қайырылмас сол бір қымбат сәтті қадірін кетірмей, адалдықпен
ардақтап, ертең еске түсіргенде өзің сүйсініп, өзге ғибрат аларлықтай етіп өткізгенге не жетсін, шіркін! Ә.Нұрш. * …
балконның кенересіне кеудесін тіреген күйі, ар-намысына көлеңке түсірмеу жағын әрі қадірін кетіріп алмау жағын қарастыра
тұрып, … М. Серв. ~ …ауданды да басқарды, аттан түскен жоқ, ұрандап қол бастамаса да қарапайым жұрттың
бағасын бажайлап, алдындағы ағаларының қасиетін пір тұтып, өз қадірін түсірмей көптің көңіліндегі
Жақсылықов болып қалды, фамилиясына сай Жақсылықов боп жүріп жатыр. Қ.Ысқ.