Posted in

ҚАЗАН СУЫТТЫ (ҚАЗАН СУЫТҚА ҚОЙДЫ)

Атты жол алдында тынықтыру, кешкі тамаққа шейін қаңтарып қою. ~ Анадай жерде торы дөнен тұр. Түндегі қаңтарулы
күйінде қақшиып қалыпты. Қазан суытып жібермек боп қойған. Қыздың әлегімен жүріп тарс есінен шығып кетіпті. С.Ас. ~
Сол себепті де Сейфолла күндіз түгілі түнгі ұйқысын да құсымен бөлісіп, қазан суытқа қойған атын отқа қоюға ұмытқандай
ояна келеді де, апырақтап қараңғыда киімдерін іздестіре бастайды. Ө.Кәр. ~ Енді, кәні, атты жазғы думан-тойға біржола
баптау басталады. Ат қайта жаратылады. Алғашқы күні кейде аяп, кейде бүлкілменен біраз бусандырып келіп, қазан
суытатын. Ертеңіне атты қанғанынша суарып, төрт-бес сағат жұлдыртып барып ер салатын. К.Жүн.