Бірінің артынан бірі шұбап, қатар түзеді. ~ Пысқырысқан аттарын ерттесіп, су арысып, бірін- бірі шақырысып, мылтықтарын сартылдасып жатыр. Аттар кісінесті. Жасақ қозғалды; Қаздай тізіліп, шатқа өрмеледі. Ж.Айм. ~ Жасақ абыр- сабыр әзірленді. Тұлып мінген аттылар қаздай тізіліп, қаннен қаперсіз теңселіп тұр. Ж.Айм.~ Жайлаудың жасаңын қуалаған ауыл қырдан құлап осы жылға, сайды өрлей қаздай тізіліп отыр. О.Бөк. ~ Қаздай тізілген он шақты түйенің қомына артқан жүк адам айтқысыз. С.Жүн. ~ «Е, Қамбар төре тұрғанда кiмнiң жүйрiгi келдi, дерiң бар ма?! Қаздай тiзiлiп, қатар келген төренiң сәйгүлiктерi алдыңғы үш бәйгенi де иемденiптi!» К.Сег.
