Өзін емін-еркін сезініп, өмірдің рахатын көрді. ~ Еріктің табиғи қалпын сақтап, жараған аттай жайсаң қуат берген Алтайдың тылсым тыныштығында қаздай қалқып, үйректей жүзіп жүрген жайы бар. О.Бөк. ~ Атамекенінің айдын көлінде қаздай қалқып, үйректей жүзген ел- жұртының басынан бұлт кетпей тұрғанына өзегінің оты лау-лау жанады. Т.Рыск. ~ «Біз қан төгіп, жаумен жағаласып жүргенде, бұл Бекең ауылдағы қыз– қырқынның қалың ортасында қаздай қалқып, үйректей жүзді емес пе» дейді әзіл– шыны аралас. Ә.Асқ. ~ Тауықпын тары терген Найман шалдан, Найман ел, айың туды маңдайшадан. Қаздай қалқып, үйректей жүрмін жүзіп, Көп елде, көп жұртымда қыдыр шалған. Ертіс, Сыр, Есіл, Іле өзендерім, Тау өтпес Тарбағатай, Тяньшаннан. Ә.Найм.
