Тырп етпей тұрып алды. * Төрт-бес жасынан тайға мініп үйренген Шоқан алты-жеті жасында асау тайларды өзі үйрете бастаған. Сонда, қазықтай қағылып, тулаған тай қалай мөңкісе де үстінен түспейтін. С.Мұқ. ~ Адам түгіл ат тайғанақтап әрең жүретін сазға оның аяғы қазықтай қадалып аса нық тиеді, және жылдам аттайды. С.Мұқ. ~ Төтесінен сіңіріп, Қазықтай жерге қағайын; Құдай берсе, Назымды Қалаға алып барайын… “Қамбар б.”
ҚАЗЫҚТАЙ ҚАҚШИДЫ (ҚАҚИДЫ, ҚАЛШИДЫ)
Қозғалмай, сіресіп тұрып алды. * Ал, әне біреудің түрі таныс, шырамытатын сияқты. Арқасына тері тон жамылып, қақ төрде қазықтай қақшиып алған қайқы тес қара шал шақ-шақ. Бұған не жоқ? Несіне жетіседі? Ә.Нұрп. * Оспанның алдына қаққан қазықтай қақшиып отыра қалды. Екі білегін қысып, наздана тіл қатты: ─ Неге жүдеп отырсың? Бір жерің ауыра ма?.. С.Омар. ~ Саған бірдеме боп қалды ма деп иманым ұшқаны сондай, Мұхит кеп қолымнан тартқылап, «жүр, жүрдің» астына алып жатқанда да қаққан қазықтай қақиып, бір орыннан қозғала алмай, мелшиіппін де қаппын. М.Мақ. ~ Шолақ қана ләм қатып, қайта керi қарай тұра жүгiрдi. … Бiр сәт состиып, жапа-жалғыз қаққан қазықтай қалшиды. Ә.Ыб.
