Posted in

ҚАЗЫҚТАЙ ҚАТТЫ (ҚАТҚАН)

Бойын тіп-тік ұстап, бір орында қозғалмай тұрып қалды. ~ Қазықтай қатып, сымдай тартылып тура қалған танкистермен салқын амандасып, баяу аяңдай өте берді. Ғ.Мүс. ~ Ақ қалпағын көзіне түсіре киген қайыстай қатқан сұршасы кетік … Жалт қараған ол қара көлеңкеде қазықтай қатып тұрған сидаң тазыны көрді. Е.Айғ. * Есімім – Тынышбек,- деп бастады сөзін үні қарлығыңқы, шашын кірпі етіп тараған, ат жақты, бет пішіні кавказ халқына келетін, қоңқақ мұрын, қалың қасты, қара сұр, қазықтай қатқан жігіт. Д.Дос.