Posted in

ҚАЗЫҚ БОЛДЫ

Әлдебір іске басшылық етті, тірегі болды. ~ Өлтіріп өлтіргенін қырып-жойып, Қайтадан айдап келген қанға малып. Келген соң қазық болып бұлар елге Әуелі орнықтырды мекен жерге. С.Тор. ~ Осы бірлескен істе, бәрінін, тоқырар қазығы Еркін болғанға ұқсайды. Ол әлі жиырма екі жастағы жігіт. Онымен құрдас біздің Текебай ел-жұртқа қазық болу түгіл, өз басын зорға алып жүр. С.Мұқ.