Ешкімді менсінбей, кеуде көтеру, сіресіп тұрып алу туралы. ~ Шаруаны қонақтың құлағына қалай жеткіземіз деп ойласты. «Қазық жұтқандай қақшиып қалған неме екен. Мұндайларға мен шаруа айта алмаймын», — деп Ертөстік ат-тонын ала қашты. С.Ел. ~ Сөйтіп мына қазық жұтқандай қақшиған асау жүнін оңдыртпай бір жыққысы келді. Әйтсе де бұндай айға шапшыған асаулардың талайын ет комбинатына өз көзімен аттандырған Торшолақ ашуын сабырға жеңдіріп, тәсілге көшті. С.Ел.
