Кеудесі шығыңқы, көтеріңкі; көзге ерекше түседі. * Қайық арқауында қарама-қарсы ескек есіп отырған Ғазизге көзін жұмып, ашық қалған қаз омырауы мен екі аяғын қайшылаған қалпы джинси шалбарлы балтыр, тырсиған бөксесін еркін тастап, ештеңеден қысылып-қымтырылмай рахаттана қыздырынуға көшті. А.Алт. * Бойы Айжаннан гөрі сұңғақтау. Денесі тым ашаң, нәзік те емес, қамзолының кеуде тұсы қаз омырауланып, көрер көзге тап салып, айқын білініп тұр… Қ.Жұм. * Екіншіден, Наталья Батьковнаның төңкерілген сауырын, жұмыр бөксесін, қаз омырауын, аққу мойнын көз алдыңа келтір де, мынау агрегатқа анау араға барып, сығалап қана көз таста. С.Смат. * Дінасыл бізді қайтсін? Ол қаланың ыңырсып орысша сөйлейтін тырна сирақ, қаз омырау қызына үйленеді. Д.Қуат.
