Posted in

ҚАЗ ОРНЫНА ҚАРҒА

Бір жақсыны бір жаман айырбастады д.м. * Бригадир Қоржынбай тор айғырын салдыртып келіп қалыпты. Осыдан екі жыл бұрын хат тасып жүретін қара домалақ шал. Қаз орынына қарға дегендей жігіттердің бәрі майданда болған соң бригадирлік еншісіне тиген. Н.Сер.~ Бұрқылдап қаз орнына қонды қарға, Жүйрік – жорға орнына – тақтақ арба.
Aй мен күннің орнына – бұлт жүрді, Замана солай болды, шараң бар ма?! М.Ж.Көп.