Posted in

ҚАЙБІР ЖЕТІСІП ЖҮР ДЕЙСІҢ

Біреудің (не өзінің) хал-жағдайы мәз емес екенін білдіреді. ~ Ш а л А с а н. Е, бүгін жетпесе, қар түскенше бір келет те!.. Ұ л т у ғ а н. Ол да қай бір жетісіп жүр дейсің!.. Слөті дей ме, жиналысы дей ме, жарғақ құлағы жастыққа тимей… Қ.Ысқ. ~ Жалғыздық сені қажытып тастады-ау. Білемін, сөнуге айналып барасың… Мұқан да қайбір жетісіп жүр дейсің? Қасында болайын дегеніңе кім қарсы тұрар. Тек үкіметің қалай қарар екен бұған? Ш.Құм. ~ Өзің мектептесің, мен болсам қайбір жетісіп жүр дейсің, айналып келіп, мал күтімі Айманға жүктеледі, қазан-ошақтың тірлігі тағы бар…», — деп тоқтатып тастаған. Ж.Баз.