Posted in

ҚАЙҒЫ-МҰҢҒА БАТТЫ

Уайымға салынды, қатты қайғырды. ~ 1895 жылы Әбдірахманның өлімімен байланысты қайғы-мұңға бату үстінде Абай дін мәселесі мен адамның жаратылыс сыры турасындағы тақырыптарға екі өлеңмен соғып өтеді. М.Әу. ~ Маған тек жұбатқаны, қайғыма ортақтасқаны керек. Уайымдап, қайғы-мұңға батқанын қаламаймын. Ақылды да тыңдай алмаймын. Ешбір сөздің керегі жоқ. АҚ. “Таразы өм.”