Posted in

ҚАЙМАНА ХАЛЫҚ (ЖҰРТ)

Жалпақ, қарапайым ел. ~ Егер бұл жорықтан бас тартсам, халқымның жонына қамшы үйіріліп, жүрегіне қанжар қадалары анық!.. Мықтыға тізе бүктіріп, бел қайыстырған беу дүние-ай!.. Қайран қаймана халқым-ай, қайда барсаң да Қорқыттың көрі алдыңнан шықты-ау!.. Тас маңдайыңдағы қалың сордан арылып, өз қолың өз аузыңа жетер күн туар ма екен, шіркін?!» М.Әу. ~ Қалам ұстағандардың қаймана жұртқа оңбай мазақ болуға айналғанына арландым. Ж.Шағ. ~ Ал Абылай сұлтанды құтқару үшін генерал- губернгатордың патша ағзамның атынан қонтайшыға тікелей хат жазып арнаулы елші жібергенін, орыс елінің боданындағы адамды басқа мемлекеттің заңсыз ұстап отыруға қақысы жоқ екенін қаймана қарапайым қазақ қайдан білсін?! С.Ақт.