Posted in

ҚАЙНАҒАН ЖҮРЕК

Отты, алаулаған сезімді жүрек. ~ Қайнаған жүректің, өртенген өзектің, еңіреген-өксіген жанның зары жұртты жинады. Жұртты еріксіз босатты. Еріксіз тыңдатты. С.Сей. ~ Сезгіш жүрек, нәзік сұлу көкөрім қарындасым! Не ойлап сонша мөлдіреп қарайсың?.. Сенің қарауың қайнаған жүрекке, өртенген көкірекке қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей-ау! Рақмет! С.Сей.