Posted in

ҚАЙРАТЫНА МІНДІ

Рухтанды; жігерленді. ~ Ойлаймын: «Ар» деген осы болар ма? «Ар» бар – дегенге нанбаушы ем: бұ қалай?! – деймін. Сілкініп, қайратыма тағы мінемін. Ж.Айм. ~ Жас келіншек дімкәс жүрегіне әннің әсері күшті ем-сазынан бірер тамшы тамызып алып, қайратына қайта мінеді. Ү.Жәлеке. ~ Аңтарыла қараған алты балаға о да: «Шырақтарым, мен ештеңе білмеймін»,— деп, жалтарғандай сыр ашпайды, жазғы күннің әлі қайратына міне қоймаған жылы шұғыласына малынып жарқырап тұр. Ә.Кек. ~ Ең артта қалған колхозды сұрайын. Егер екі-үш жылдың ішінде көтере алмасам, өз обалым өзіме. Тозғаным шығар онда! Мін қайратыңа, Берік! Намыс керек, намыс!» Б.Тоғ.