Айтар сөз, қозғар тақырып көп қой д.м. ~ Қызыл оты қызғаныштың жүрегімді қорып жүр. Қайтейін. Ойдағы көп арманның қайсы бірін айтайын. С.Дос. ~ Жердің бұрышы жеті сан, Желпініп бір қайта көр. Көк алыптар онан көп, Жер алыптар онан көп, Қайсы бірін айтайын. “Көкетай…” ~ Қайсы бірін айтамын — көп қой тіпті! — деп Кәркен иығын қомдап қойды. — Бәрінен бұрын болыс сайлауын айтсаңызшы! Сайлау емес, нағыз төбелес! Б.Тоғ. ~ Өз басымнан өткені ме, көп қой, қайсы бірін айтам. Осында Лаучүй деген қытайды білесіңдер, – деп бастайтын ол қытайлар тұратын қыстақты иегімен нұсқап. Ж.Шәк. ~ Менің сенен бір өтінішім, қарағым, бізге арнайы келіп малшылардың тұрмысын өз кезіңмен бір көрсең. Әмірбектің не істеп кеткенін сонда білесің. Әй, қайсы бірін айта бересің,— деп Сапар сөзін аяқтады да, денесін тік ұстап өз орнына барып отырды. Ә.Әл.
