Күш-қуаты шалқып, айбаттанды. ~ Басқа балалардай емес, өзін тәуелсіз ұстап бетімен жүретін Сегізді тұқыртпақ. Қайраты бойына сыймай жүрген балуан жігіт, ел асып олжа әкелудің орнына, ауыл қыдырып, қайда той-томалақ іздейді… Батырдың тұқымы азғанда бақсы көбейеді… З.Шүк. ~ Есі кірер-кірместен-ақ аттың жалына жабысқаны, тез қайрауы жетіп ерте есейгені, қимылына көз ілеспес шапшаңдығы, қолдыаяққа тұрмастығы, қайраты бойына сыймас морт мінезі, міне, осының бәрі Құндақбайға деген көзқарасының өзгешелігіне алғышартқа жараған. Ұ.Досп.
