Әлсіреді, күш-қуатынан айрыла бастады. ~ Үйеңкінің бағанағы жамбасқа басқан көлдей көлеңкесінен сырғып түсіп қалыппын. Күздің қайраты қайта бастаған шағырмақ күні шеңбірек атып, иыққа ауып барады екен. Т.Сәу. ~ Сол себепті осы қағазды өзіңе салып отырмын. Бұрынғыдай емеспін, қажыр-қайрат қайта бастады. Ә.Әл. ~ Әрі өжет, әрі қайратты жас Ызғұтты қайраты қайтып қалған Құнанбайға жол ауырлығын көрсетпей, елге алып келеді. Т.Жұрт.
